Күзет посты - жергілікті жерде орналасқан бөлімшені тікелей қорғауға арналған, бөлімшеден тұратын күзетпен қорғау органы.
Күзет постын әдетте белгіленген позицияны иемденіп, оны айналдыра бақылау мен атыс жүргізуге жабдыктайды.
Күзет посты бақылауды күндіз-түні жүргізеді. Қарсыласты тұтқынға алып немесе жояды. Ал қарсыластар шабуылдаса, өз бекінісін қорғап, командирдің бүйрығынсыз шегінбейді. Күзет посты ауыстыру 1 тәуліктен соң жүргізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс