Бламанже (дұрысы бланманже; — ақ және manger — жеу) — мөлдір емес (жемістерден жасалмаған) желелердің барлық түрі осылай аталады. Сүт, жұмыртқа, жарма немесе ұн қосылып желатинде жасалады, қант, татымдықтар, хош иістендіргіштер қосылады. Бламанже, әдетте, ақ, крем немесе ақшыл түсті болады. Бламанже тойымды тәтті тағамдарға жатады, сондықтан жеңіл түскі асқа (балық немесе көкөніс тағамдары) жалпы калориялығын теңестіру үшін беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бламанже · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.