Аралбай Ибрагимұлы Нағашыбаев (1956 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Қамбаш ауылы) – заңгер. Қазақ мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) бітірген (1984). 1977 – 1978 жылдары Батыс Қазақстан темір жолының Қазалы дистансасында жол жөндеушісі, 1979 – 1984 жылдары Алматы қалалық өрт сөндіру басқармасында аға өрт сөндіруші, 1984 – 87 жылдары Маңғыстау облыс Жаңаөзен қаласында заң кеңесшісі, 1987 – 94 жылдары Маңғыстау аудан халық сотының төрағасы, 1994 – 2000 жылдары Маңғыстау облыс әділет басқарма бастығының 1-орынбасары, 2000 – 03 жылдары Маңғыстау облыс соттар әкімшісі болды. 2003 жылдан Ақтау қаласы ғ2 сотының төрағасы қызметін атқарады.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Дереккөздер