Троицкий Виталий Феодореевич (1922 жылы туған, Ресей, Чита қаласы) – ғалым, техника ғылымдарының кандидаты (1963).
1939 жылы Бакудегі Мұнай-химия институтына түсіп, 1940 – 1945 жылдары әскер қатарында болған. 1946 жылы институтты үздік бітірген. 1951 – 1974 жылдары Әзербайжанда, 1974 – 1990 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болды.
33 техникалық жаңалықтың авторы. Мұнай өндірісінің озық қызметкері, ХШЖК-нің қола және күміс медалдарымен марапатталған. Қазақ ғылым-зертеу институтының «Құрмет» кітабына енген.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:1922 жылы туғандар Санат:Читада туғандар Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Баку мұнай-химия институты түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі күміс медалінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі қола медалінің иегерлері