Сынау, сынақ (Испытание) - материалдардың қасиетін анықтау. Берiктiкке сынау (Испытание на прочность) — созу өдісімен материалдарды (дайындаманы) қиратып механикалық сынау. Июге сынау (Испытание на изгиб) — дайындаманың бойлық өсуіне бұрышпен күшті бағыттап материалды деформациялаудан тұратын сынау. Қажуға сынау (Испытание на усталость) — қайталанғыш құбылмалы кернеудің белгілі бір цикл санымен материалға күш түсіруден тұратын механикалық сынау. Қиыққа сынау (Испытание на срез) — ығысу деформациясын қолданып, материалды механикалық сынау. Қысуға сынау (Испытание на сжатие) — қысу күшімен материалды деформациялаудан тұратын механикалық сынау. Созылуға сынау (Испытание на растяжение) — созу күшімен материалды деформациялаудан тұратын механикалық сынау. Соққыға сынау (Испытание на удар) — соққымен ию әдісімен материалды қиратып механикалық сынау. Сынау үлгiлiгi (Образец для испытания) — тәжірибе жасалынатын арнайы сынама, бұйым немесе оның бөлімі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Жетілдіре сынау - берілген деңгейге дейін сапалық көрсеткішті көтеру процесінде енгізілетін өзгерістердің әсер етуін тексеру ұшін өткізілетін сынаулар. Жолдық сынау - жолды жерде, кейде жолсыз жерде көлік кұралының жүру кезінде өткізілетін сынау. Иммитациялық, еліктете сынау - көлік кұралының кез келген бөлшегін немесе қандай да болмасын әсер етуді жасанды құрасытыру арқылы өткізілетін қондырғыда сынау. Зерттеу сынау - құрастырылып жатқан өнімнің параметрлерін, сызбаларын, жинақталуын таңдап алу бойынша қабылданатын шешімді негіздеуге мәліметтерді жинау мақсатында өткізілетін сынаулар. Зертханалық сынау - көлік кұралын зертханалық жағдайда арнайы бағдарлама бойынша сынаудан өткізу. Әдеттегі ресурстік сынау - әдеттегі жағдайда өткізілетін ресурстік сынаулар. Мерзімділік сынау - белгілі мерзім аралығында сериялық өнімнің сапасын бақылау үшін өткізілетін сынаулар. Қыр далада сынау - ауылшаруашылық жұмыстарын орындау кезінде өткізілетін тракторлардың сынауы. Полигонда сынау - полигонда өткізілетін сынаулар. Алдын ала өткізетін сынау - тәжірибелік үлгілерде жетілген нәтижені бақылау мақсатында өткізілетін сынаулар. Қабылдап-тапсыра сынау - сериялық немесе жөнделген үлгілерді өндіруге, жөндеуге немесе тұтынушыға жеткізуге техникалық талаптарға сәйкес келетініне сынау. Қондырғада сынау - зертханалық жағдайда арнайы стендте келік құралының жұйелері мен жеке агрегаттарын сынаудан өткізу. Жеделдетілген ресурстық сынау - аз жүктемемен жұмыс режимін шығару нәтижесінде сынау мерзімін көп есе қысқартатын, арнайы бағдарлама бойынша өткізілетін ресурстік сынаулар. Қызметтік сынау - көлік құралының қызметтік қасиетгерін анықтау және олардың техникалық талаптарға сай келетінін орнату үшін өткізілетін сынаулар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Физика Санат:Машина жасау