Киев Мырзабай(1938 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қызан ауылы) – педагог, партия қызметкері, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» (1998). Гурьев педагогика институтын (1959), Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген (1976), Еңбек жолын Үштаған орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1976 – 1978 жылдары ауданы партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінде меңгеруші, 1978 – 1986 жылдары Маңғыстау ауданы партия комитетінің хатшысы, 1986 – 1991 жылдары Ералиев ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991 – 1996 жылдары облыстық ғылым және білім саласы қызметкерлері кәсіподақтар комитетінің төрағасы, 1996 – 2001 жылдары облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру ин-тының директоры қызметтерін атқарды. Жергілікті ақын Т.Балтабасұлының шығармаларын жинақтап, халық арасына таратушы. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) мерекелік медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері