Әдейі жасалған белсенді кедергілер (Намеренные активные помехи) — қарсыластардың радиолокациялық станцияларын, радионавигациялық жүйелері мен радиобайланыс құралдарын олардың радиоқабылдағыштарының жиілігіндей жиілігі бар сигналдар шығару арқылы құрту мақсатындағы арнайы кедергілер станциясы жасайтын радиокедергілер. Әдейі жасалған белсенді кедергілер көздеуішті, тосқауылды және жауаптық болып және шығаратын сигналдарының түріне қарай — қарқынды (импульсті), синусоидалы, шуылды және т.б. болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс