Ауызша жауынгерлік бұйрық (Устный боевой приказ) — ұрыс жағдайында командирдің кабылдаған шешімін іске асыру үшін қол астындағы әскерлерге ауызша беретін бұйрығы. Бөлімше командирі ұрыста өз бөлімшелерін басқара отырып тек ауызша, белгілі жүйеде бүйрык береді. Мысалы, батальон (рота) командирі ауызша жауынгерлік бұйрықта бағытты нұсқайды, қарсылас жөнінде кысқаша мәлімет береді, батальонның (ротаның) ұрыстағы міндетін көрсетеді, аға командирдің күш-құралдарымен жойылатын нысаналар мен обьектілерді, көршілердің міндетін, артиллерия мен өзге де атыс құралдарының карсыласты жоюдағы міндетін, міндеттерді орындауға дайындық уақыты мен белгілерді, өз орны мен орынбасарының орнын көрсетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс