Газбаллонды қару () — сұйық жағдайға дейін сығымдаған улы газдар (хлор, фосген немесе олардың коспалары) толтырылған металл баллондар. Көптеген баллондардан бір уақытта газ шығару нәтижесінде қарсыластың адам күшін жоятын (тыныс алу органдарына әсер ету) улы газ бұлты түзіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде кең таралды. Улағыш заттарды қолданудың үтымды әдістерінің шығуына байланысты (артиллерия мен авиация аркылы) газбаллонды қару өз мәнін жоғалтты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс