Сыртшаңжал - Қарақия ауданы мен Түрікменстан шекарасын бойлық бағытпен қиып өтетін қоныс. Жалпы ұзындығы 70 км-ден астам, Қазақстан аумағындағы ұзындығы 20 км-ге жуық. Енсіз келген қоныс беті негізінен жазық. Қазақстан аумағы сайлы-жыралы келген. Орта тұсынан ендік бағытта бірнеше құрғақ аңғарлар өтеді. Сортаңды сұр топырағында жусан, күйреуік, баялыш, сай бойында жантақ, изен өседі. Батысында Аяққарасай құдығы мен Төбелі бұлағы бар.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:География