Қафизолла ҚуанышбаевМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; 1922 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурун ауылында туған. Соғыс ардагері, партия қызметкері Гурьев (қазіргі Атырау) педагогика училищесін (1939), жоғары партия мектебін бітірген (1952) Ұлы Отан соғысы жылдары ерлікпен ел қорғаған Соғыстан кейін Гурьев қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы 1955 – 1961 жылдары Форт-Шевченко аудандық партиялық коммиссиясының 2-хатшысы, аудандық комитетінің 1-хатшысы 1961 – 1985 жылдары Есбол, Махамбет ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, баспасөзде мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі облыстық басқарманың бастығы қызметтерін атқарды 1-дәрежелі Отан соғысы, Даңқ, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған Зинеден, Махамбет, Есбол ауылдары мен Атырау қаласындағы көшелерге есімі берілген.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар