Үндемес (шын аты Құдайберген) (1826, қазіргі Түркістан қаласы маңы — 1914, Төбеқұм қыстауы) — Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен. Даналығымен, әділ билігімен, тапқырлығы және байлығымен аты шыққан. Сөзге сараң болғандықтан Құдайберген аты ұмытылып, Үндемес атанған. Ел аузындағы аңызда Үндемеске жол көрсетіп отырган киесі — қызыл түлкісі болған екен дейді. Үндемес сонымен қатар, ауылда молда ұстап, бала оқытқан, оның сондай молдаларының бірі Уәйіс Мамырайымұлы Отырар өңіріндегі алғашқы ағартушылардың қатарынан саналады. Өзінің тапқырлығымен де танымал болған Үндемес күннің ыстығында үйір-үйір жылқы мен малдан алынатын сүт пен азықты сақтау үшін тоңызытқыш та жасатқан. Ол үшін төбе құмның күн сәулесі түсе бермейтін жерінен терең, үлкен ор қазып, соған кыста қар жинап (нығыздап) бастырады. Үстін сексеуілдің шырпысымен, оның үстін киізбен жауып, киіздің үстіне биік төбе секілдендіріп құм үйген. Терең ордың шетінен бір адам сиярдай есік болған.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Үндемес · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.