Қошмағанбет ЕсжанұлыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1864 – 1932) – ишан. Сам құмы аймағында көшпелі шаруа жанұясында дүниеге келген. Өзінің зеректігінің арқасында 13 – 14 жасында Құранды жатқа айтқан. 1885 – 86 жылы Сам құмының Теректі деген жерінде мешіт салдырып, бала оқытуға арнайы ұстаз жалдайды. Кеңес үкіметі орнап, жаппай елде қуғын-сүргін басталғанда, Қошмағанбет Ишан да Түрікменстанға қоныс аударады. Бірақ ол жерде де, қызыл әскердің қармағына ілініп, Көне Үргеніш қаласындағы абақтыға жабылады. 67 жасында Ташховуз облысының Орджоникидзе аймағындағы Сегізаттық жерінде белсенділердің шешімімен атылған. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар