Владимир Владимирович Мокринский (1888, Ресей, Саратов қаласы – 1969) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1951), РКФСР-ға еңбегі сіңген ғылым мен техника қызметкері (1959).

Маңғыстау мен Үстіртте бірнеше рет болып, түбектің юра, триас қабаттарын зерттеген. Көмір кен орнын түбегейлі зерттеумен айналысып, құрамындағы пайдалы элементтерді, таулы Маңғыстаудың мыс кен орнын анықтаған. Маңғыстау көмірі жайлы баспасөзде алғаш жазушы (1942). Экспедиция кезінде суретке түсірумен де айналысып, артына үлкен фотоальбом жасап қалдырған. Онда Маңғыстаудың әр жерінің көрінісі, тұрмыс-тіршілігі жайлы мол деректер берілген.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1888 жылы туғандар Санат:Саратовта туғандар Санат:1969 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО геологтары Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Ресей геологтары Санат:Ресейдің еңбек сіңірген ғылым және техника қызметкерлері