ҚияңдыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; – Маңсуалмас қыраты мен Бағытай-Беніке ойысындағы құрғақ арна. Бейнеу ауданында орналасқан. Ұзындығы 80 км. Маңсуалмастың орта тұсындағы бұталы тоғайдан басталып қырат бойымен жүріп, Батысындағы Бағытай-Беніке ойысына барып бітеді. Арна бойымен көктемдегі қар, жауын-шашын кезінде 10 – 15 күндей ғана су ағады. Шығыс жағалауы жарқабақты (12 м-ге дейін), батысы сайлы-жыралы келген. Бұта аралас жусан, жантақ, жүзгін, тағы басқа өсімдіктер өседі. Қияңды арнасы жыл бойғы мал жайылымы саналады. Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қияңды · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.