Түркістан типті мұздықтар - терең және тар аңғарлардың түбінде түзілген, қиыршық мұз алабы болмайтын аңғарлық мұздықтар. Қар көшкіндері мен аспалы мұздықтардың опырылымдарынан қоректенеді. Орта және Орталық Азия тауларында кездеседі (атауы осыдан алынған).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия