Электрондық аспаптарды сынау () — электрондық аспаптардың (ЭА) сапалылығы мен сенімділік деңгейін анықтау немесе олардың стаңдарттар мен техникалық шарттар талаптарына сәйкестігін айқындау. Электрондық аспаптарды сынау электрондық аспаптарды сынау, өндіру және іске пайдалану кезеңдерінде аспаптардың сипаттамаларының жұмыс режіміне және сыртқы жүктемелерге төуелділігін зерттеу мақсатымен, ақаулы немесе тіпті сенімсіз аспаптарды анықтау және қолданбау үшін, жүктемелердің қауіпсіз, бұзылуға әкелмейтін деңгейлерін айқындау үшін арнайы құрылғылар мен қондырғылар көмегімен жүзеге асырылады. Сынау ауа райы, механикалық беріктігі және электр касиеттері бойынша сынау деп бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника