Рахмет Өтесінұлы Өтесінов (15 қаңтар 1927 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау - 8 қаңтар 2011 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, жазушы, КСРО Мұнай өнер кәсібінің Құрметті мұайшысы, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мұнайшысы. Ақтау қаласының және Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
Өмірбаяны Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан. Мәскеудегі мұнай институтын бітірген (1951).
1951 – 1959 жж. Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде мастер, цех бастығы, бас инженер, директоры болды.
1959 – 1961 ж. Жылыой аудандық партия комитетінің 1-хатшысы жұмысын атқарды.
1961 – 1962 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық партия комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі болды.
1962 – 1963 ж. Қандыағаш аймақтық өндірістік партия комитетінің хатшысы жұмысын атқарды.
1963 – 1964 ж. «Маңғыстаумұнайбарлау» тресінің партком хатшысы болды.
1964 – 1970 ж. «Өзен мұнай өндіру» басқармасының бастығы болды.
Шығармалары 1970 жылдардан бастап әдеби шығармашылықпен айналыса бастады.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
«Ожившая река» (1974), «Айтылмаған ән» (1978), «Алыптың ашылуы» (1982), «Даладағы алау» (1983), «Песчаная коса» (1989), «Пасмурные дни» (1997), «Жолдар мен жолдастар» (2002), «Соңғы аялдама» (2005) кітаптарының авторы.
Марапаттары КСРО-ның «Құрмет белгісі» Ордені; КСРО-ның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені; КСРО-ның бірнеше мерекелік медалдар мен құрметті төсбелгілерімен марапатталған. 1962 жылы «КСРОның Құрметті мұнайшысы» құрметті атағы; «Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мұнайшысы» құрметті атағы; «Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін» медалі; ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған. ҚР «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері. Ақтау, Жаңаөзен және т.б көптеген аудандардың Құрметті азаматы атағы берілді. «Еңбек ардагері» құрметті медалінің иегері.
Қызықты ақпарат Өтесінов «Сынақ» телефильмінің бас кейіпкері болып саналады.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:КСРО мұнайшылары Санат:КСРО мұнай өндіру ісінің үздіктері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері