Талғар — Қазақстандағы қала. Талғар ауданының орталығы. Халқы: 46,2 мың адам. Алматы қаласынан арақашықтығы: 25 км; облыс орталығы Қонаев қаласынан арақашықтығы: 83 км.

Халқы 46 201 адам (2010); .

+ Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен45529 63883 140,3 21667 30861 142,4 23862 33022 138,4

Тарихы мен мәдениеті Талғар қаласында піл сүйегінен жасалған алты теңдессіз шахматтық мүсін табылған. Бұл - Қазақстан аумағындағы жалғыз шахмат табысы. Табыстардың ішінде Қытайдан, Үндістаннан, Ираннан және т.б. әкелінген бұйымдар көп. Талхиз тарихы Жібек жолының тарихымен тығыз байланысты, Көне қала Ұлы Жібек жолының ұлттық саудасының негізі болды.

Кейбір тұжырымдарға сәйкес, Талхиз сөзі өте ежелгі, ол үнді-еуропалық тілдерге енетін және «тау» деген мағынаны беретін «гар» сөзін айқын ажыратады. Ірі қала ретінде жіктелген қала алғаш рет Х ғасырда құрастырылған «Худад аль-Әлем» («Әлемнің шекаралары») географиялық тізімінде аталған. Іліс алқабындағы сауда және қолөнер орталықтарының Талхизден табылған артефактілер оның Жібек жолы арқылы Қытай, Иран, Үндістан және Жапониямен байланысы бар ортағасырлық сауда орталығы болғандығын растайды.

Тұлғалары Тұрар Рысқұлов сынды үлкен қайраткер туған; Бауыржан Момышұлының алғашқы батырлық ақ жолын бастап, майданға аттанған қаласы. Ұлттық театр өнерінің жұлдызы Ыдырыс Ноғайбаев туған; Демограф Мақаш Тә­тімов туған; Қазақ баспасөзі саңлақ­тарының бірі Бекболат Әдетов туған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Электронды Талғар Талғардың бейресим торбеті Талғар қалалық ақпараттық-сауық порталы

Санат:Талғар Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері