Санатбай Масатұлы (1942 жылы туған, Бозащы түбегі, Қаламқас елді мекені) – геолог. КCРO Мұнай өнеркәсібінің үздігі (1988). Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1968). 1968 – 1973 жылы «Қарақия-Жетібаймұнайгазбарлау» терең бұрғылау экспедицияларында техник-технолог, инженер, телім бастығы, аға инженер, 1973 – 1975 жылдары Кеңес Одағының мұнай, газ және химия өндірісі министрінің Маңғыстаудағы өкілі болды. 1975 жылдан «Маңғыстаумұнайгазбарлау» терең бұрғылау экспед-нда, «Маңғыстаумұнай» ӨБ-де, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кәсіподақ төрағасы. Бірнеше Құрмет грамоталарының және «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалінің иегері.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері