Эолдық түйірлер қозғалысы — желді-құмды ағында бөлшектер козғалысының үш типі бар: жүзгін күйде қалқу секіру (сальтация) домалау. Сипаты Диаметрі 0,05 мм-ден кіші, ал меншікті беті үлкен бөлшектер тыныш күйден бірден жүзгін күйдегі козғалысқа келіп, алыс қашыктыктарға әрдайым жұмырланбай тасымалданады. Өлшемі 0,05 мм-ден ірілеу бөлшектер жүзгін күйде козғалады, ал одан ірілеулері домалап, эолдық бедер (бархан, қырқалар) жасайды. Желді-құмды кабаттың қалындығы иірім биіктіктерінен бірнеше есе артық болғанда секіру басталады. Секірудің орташа қашықтығы екі иірім қырының аракашықтығындай болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология