Бегендік Жалғасбек Әмірханұлы (28 ақпан, 1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы) – дирижёр, профессор, педагог.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994).

"Құрмет" орденінің кавалері (2023 ж.)

Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясын дирижëрлік кафедраны профессор Шамғон Қажығалиевтің сыныбы бойынша, 1978) бітірген. Қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі, дирижёрі, Қазақ мемлекеттік консерваториясының дирижёрлік сыныбының оқытушысы, осындағы халық аспаптары оркестрінің жетекшісі, доценті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының дирижёрі (1973 – 78) болды.

Қазақстан өнер шеберлері қатарында шет елдерде (Франция, Дания, Ресей,Португалия, Швеция, Қытай, т.б.) елдерде өнер көрсеткен.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002

Осымен қоса Нұрғиса Тілендиев, Валерий Руттер, Арнольд Кац ұстаздарының шәкірті болған.

Дереккөздер

Санат:1953 жылы туғандар Санат:Шетпеде туғандар Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақ халық аспаптар оркестрі тұлғалары Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары