Қожақой өзегі - ауданның шығысындағы кұрғақ өзек. Темір ауылдык округі аумағында, солтүстіктен оңтүстікке қарай доғаша иіліп 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км-ге жуық. Көктемде кар, жауын-шашын суларымен толығады да, солтүстігінде жатқан Шошқакөл көлімен жөне батпағымен ұласып кетеді. Жылдың баска мезгілінде құрғақ арна түрінде болады. Өзеннің солтүстігінде Қошқартөбе (абсолют биіктігі 194 м), оңтүстігінде Ақсақалтөбе (200 м) төбесі орналасқан. Өзектің шығысын бойлай (1,5 км жерде) Айтжанкөл соры жатыр. Солтүстік мен оңтүстік шетінде қыстаулар орналаскан. Қожақой өзегінде қамыс, құрақ аралас бұйырғын, көкпек, қара жоне боз жусаны басым әр түрлі шөптесіндер өскен.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қожақой өзегі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.