Петр Алексеевич Долматов (1942 жылы туған, Алматы) – журналист, Қазақстан журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі (2002). 1969 – 2002 жылдары «Огни Мангышлака» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Шевченко қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, Облыстық телерадиокомпаниясының төрағасының орынбасары, бас редакторы. «Вестник» газетінің редакторы, Маңғыстау облысы телерадиокомпаниясының төрағасы болды. 2002 жылдан облыстық «Огни Мангистау» газетінің редакторы. Облыстық халықтар ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының Маңғыстау облысы басқарма ұйымының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен, «КСРО телевидение және радио саласының үздігі» (1990) белгісімен марапатталған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар