Ғалия Ғарифуллақызы ӘбділоваМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1956 жылы туған, Шымкент қаласы) – ғалым, филология ғылымының кандидаты, ҚР білім беру ісінің үздігі (1994). Жамбыл педагогика институтының шет тілдері факультетін бітірген (1979). 1979 – 1991 жылы Ақтау қаласының №4 және №14 орта мектептерінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 1991 – 1998 жылдары Маңғыстау педагогика училищесінде (кейін Ақтау гуманитарлық колледжі) ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, 1998 жылдан АқтМУ-да оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. Әбділованың 30-дан астам ғылыми мақалалары мен әдістемелік құралдары жарық көрген. Дереккөздер,
Санат:Тұлғалар