Орынбасар Дауылов(1884 – 1930) – кеңес, партия қызметкері. Сімберті болысының интернатында оқып, Гурьевтегі екі сыныптық мектепті бітірген (1897). 1898 – 1909 жылдары нотариалдық кеңседе көшірмеші, писарь, 1909 – 1917 жылдары Красноводск уезі Адай болысында писарь, аудармашы, Красноводскіде қазақ комитетінің төрағасы әрі совдеп мүшесі болған. 1917 жылы Красноводскіні ағылшындар басып алған соң тұтқынға алынады. Түрмеден қашып шығып, Иранда эмиграцияда, ол жақтан Форт-Александровскіге келген (1919). Мұнда ревкомда жауапты хатшы, округтік сайлау комиссиясының төрағасы, Форт пен Баутин арасындағы жол құрылысын салуға қатысқан. Т.Әлниязов, Ж.Мыңбаевпен іскер қатынаста болғаны үшін тұтқындалған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар