Фазалы-жиіліктік сипаттама () — сызықты электр тізбегінің шығысы мен кірісіндегі гармоникалық тербелістердің арасындағы фаза бойынша ығысуының, оның кірісіндегі гармоникалық тербелістің жиілігіне тәуелділігін көрсететін сипаттама. Фазалы-жиіліктік сипаттама, негізінен, күрделі сигналдың пішінін анықтау, сондай-ақ гармоникалық құрастырушылар электр тізбектері арқылы өткенде, уақыт бойынша әр түрлі кідірулердің болуынан туындайтын фазалық бұрмалануларды бағалау үшін, сигналдарды фазалық әдістермен өңдеуге негізделген радиотехникалық жүйелерде, өлшеуіш құрылғыларда және т.б. қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника