Резист ( — кедергі жасау) — сәулелену (УФ, рентгендік, электрондар немесе иондар ағыны және т.б.) әсеріне сезімтал органикалық материал; литографияда берілген топографияның рельефтік жабылғысын қалыптастыруда және төмен жатқан қабатты ойып-өңдеулер әрекетінен қорғау үшін қолданылады.
Резист әдетте сұйық композициялар түрінде (мысалы, органикалық еріткіштегі қосылыстың сәулеленуге сезімтал полимерлік ертіндісі) жұқа қабаттарды (сұйық резист) немесе қалыңдығы 10—100 мкм (үлдірлі резист) үлдірлерді қалыптастырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника