Ақшығанақ – шағын тұщы көл. Көксарай ауылдық округі аумағында. Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында.
Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Жанкел аулының оңтүстік-шығысына қарай 9 км жерде.
Гидрографикасы Көктем кезінде Сырдария өзенінің суы көтерілгенде ұзындығы 3 км-ге, ені 800 м-ге жетеді. Жаз айларында су деңгейі төмендеп, ұзындығы 1 км, ені 300-400 метрге дейін кішірейеді. Ең терең жері 10 м-ге жуық. Ақшығанақ суы шаруашылыққа пайдаланылады. Жағалауы мал жайылымы.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы