нобай Антенналық тор — бір фазаға келтірілген және белгілі бір тәртіппен қатарласа орналасқан бір текті элементтерден (дірілдеткіштерден, рупорлардан) тұратын күрделі антенна. Элементтерінің дұрыс орналасуы және олардан таралатын тербелістің бір фазаға келтірілуі – антенналық тордың бағытталғандық диаграммасының үшкір болуын қамтамасыз етеді. Мұның бағытталғандық диаграммасы өзгермейтін (синфазалық қума толқындық) және оны электрондық басқару жолымен өзгертуге болатын (синтезделген антенналық тор) түрлері бар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника