Антенна баламасы (Эквивалент антенны) — антенна сипатын қайталайтын электр тізбегі. Ұзын және қысқа толқын үшін сипаттамасы антенна сипаттамасын қайталайтын етіп коңденсаторлардан, резисторлардан және индуктивтік катушкалардан жасалады. Ал дециметрлік толқындар үшін коаксиальдық кабель кесіндісінен жасалады. Радиотолқынды таратпастан бұрын радиоқабылдағышты бабына келтіру, сынақтан өткізу үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника