Әбдімәлік Әбдіқадырұлы Бұқарбаев (14.02.1940, Ташкент) — Өзбекстанның белгілі монументалист-суретшісі, портретші, кескіндемеші. Ұлты — қазақ. Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны Ташкент көркемсурет училищесінің қолданбалы өнер бөлімін (1968) бітірген. Мәскеу театр-көркемсурет институтын (1973) бітірген.
Еңбектері Соңғы жылдары қазақ хапқының рухани-саяси өмірінде із қалдырған тұлғалардың бейнелерін салды, соның ішінде Әуезовтің әр жылдардағы 15 бейнелері топтамасын жасады. Оған ұлы жазушының әр жылдары түскен фотосуреттерін негіз етіп, 7 портретін салды. «» дейді суреткер өзінің сұхбатында («Парасат», 1997, №8, 14-15-беттер).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8* Өзбекстанның көптеген ірі архитектуралық объектілері мен құрылыстарын безендіруге қатысқан. Ташкент метрополитеніндегі “Хамза” мен “Өзбекстан” стансаларын, “Чорсу”, “Тата” қонақ үйлерін, Ташкент радиотеледидар орталығын, Халықтар достығы сарайын әрлеуге қатысқан. 1990 жылдан өз халқының тарихы мен мәдениетіне, оның дана ойшылдарына ойысып, циклді портреттер жазған. Бұхарбаевтың портреттік галереясы Күлтегін, Асан Қайғы, әл-Фарабиден басталып, бүгінгі қоғам және өнер қайраткерлері Н.Назарбаев, Б.Төлегенова, Т.Әубәкіров, Ф.Оңғарсынова, т.б. қамтыған жүзден астам портреттер циклінен тұрады. Өзбекстанда, Қазақстанда, т.б. көптеген елдерде бірнеше рет суретшінің көрмесі ұйымдастырылған.
Марапаттары Екі дүркін Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1976, 1982). "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.thumb|right|200px|Жәнібек ханның суреті. Суретші Ә.Бұқарбаев
Дереккөздер
Санат:14 ақпанда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Ташкентте туғандар Санат:Өзбекстан суретшілері Санат:Өзбекстан портретшілері Санат:Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ташкент көркемсурет училищесі түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақ суретшілері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Өзбекстан қазақтары