Информациялық кері байланысты жүйелер (Системы с информационной обратной связью). Информациялық кері байланыс жүйесінде тіке арнамен ақпараттық кодалық комбинация беріліп, оның көшірмесі беруші құрылғының жадында сақталады.

Қабылдау құрылғысында қабылданган ақпараттық кодалық комбинацияның түгелдей немесе белгілі бір заңцылықпен қысқартылып алынған түрі кері байланыс арнасымен хабар беру орнына қайтып беріледі. Ол жерде беруші құрылгыда сақталған мәлімет пен қайтып келген мәлімет салыстырылып, дұрыстығы тексеріледі.

Егер кері байланыс арнасымен қайтып келген ақпараттық комбинация берілген комбинациямен бірдей болса, онда тіке байланыс арнасымен келесі ақпараттық комбинация беріліп, ал егер бірдей болмаса, онда алдыңғы қабылданған ақпарат сызылып тасталып, ол хабар берушіден тіке байланыс арнасымен қайтадан беріледі.

Егер кері байланыс арнасындағы бөгеуілдің деңгейі төмен әрі кері байланыс арнасын қолданатын басқа жүйелерге қарағанда қарапайым болса, онда ақпараттық кері байланыс жүйесі берілетін мәлімет дәлдігін жоғары көтеруге тиімді жүйе болып есептеледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника