Мұздыбек Әбдікәрімов (1914-1974), актер. ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі (1944). Арғын тайпасы Тобықты (Мандар) руынан шыққан. Театр сахнасында көбіне өткір мінезді рөлдерде ойнады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман - Шолпан» драмалары бойынша қойылған спектакльдерде қағілез қойшы бала Жапалдың, қатал да алғыр, әмірші ханның, Көбікті, тапқыр әрі сауықшыл Жарастың жан дүниесін негізінен комедиялық бояуды мол қолдану арқылы аша түсті; ал «Абай» романының инсценировкасы негізінде жасалған қойылымда әнші-ақын Біржанның, жарлы-жақыбайлардың көшбасшысы Дәркембайдың сахналық бейнесін реалистік тұрғыда сомдады.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан актерлері Санат:1914 жылы туғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтоғай ауданында (Қарағанды облысы) туғандар