Про жүйесі (зымыранға қарсы қорғаныс) - қарсыластың зымырандық- ядролық соққысына төтеп беру шаралары мен әскери әрекеттердің және күш пен құралдардың кешені. Зымырандарды қағып түсірудің негізгі кезеңдері: әуедегі орнын анықтау, қозғалыс жолының параметрлерін анықтау, зымыранға қарсы құрылғылармен зақымдау. ПРО жүйесінің құрамына: баллистикалық зымырандарды қашықтан табу құралы, әртүрлі қашықтықтағы зымыранға қарсы кешендер, анықтаушы құралдар кешені, ақпаратты жеткізу құралдары кіреді. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер
Санат:Саясат