Миелоидты ұлпа (textus myeloideus, —ұлпа, — сүйек кемігінің майы) — сүйектің қызыл кемігі майындағы қан түзу процесін іс жүзіне асыратын ұлпаның бір түрі. Миелоидты ұлпаны қантүзуге қатысатын жасушалар мен ретикулалы ұлпа бірігіп жасайды. Миелоидты ұлпадағы қантүзу процесін миелопоэз деп атайды.
Миелопоэз — бірнеше бағытта жүріп (эритроцитопоэз, гранулоцитопоэз, моноцитопоэз, тромбоцитопоэз), әртүрлі қан жасушаларының дамуын қамтамасыз етеді. Миелоидты ұлпаны қойнауша (синусоидты) қан қылтамырлары (капиллярлары) қоректендіреді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Қан жасушалары