Көпжылдық реттеудің диспетчерлік кестесі —су тапшы есеп жылын алдын ала болжап, осыған байланысты кепілді қайтарымды қамтамасыз ету шараларын сипаттайтын есептеулер жүргізу. Су шаруашылық жылы басталар алдында, яғни су тасуы барысында пайдаланудағы бөген мүмкіндігінше кепжылдық сыйымдылығы шамасында толтырылуы тиіс. Су тапшы кезенде бөгеннің пайдалы сыйымдылығы азаяды. Бөгеннің осы жағдайындағы жұмыс сызбалары арқылы диспетчерлік кесте элементтерін есептеп шығарады. Ал толу тайыздану тарамдары үшін екі сызба әзірленуі себепті — тайыздану мен сумен толтырылу тарамдарын есептеу жеке-жеке жүргізіледі. Бұл тарамдардың сызбасын жасау ушін қосынды ағындысы кепілді қайтарымға жақын жылдар таңдап алынып, олардың су ысырабы қайтарым шамасына теңестіріледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы