Шеміршекқап (перихондрий); (, — маңында, қасында, — шеміршек) шеміршек ұлпаларының сыртқы дәнекер ұлпалық қабы. Шеміршекқап екі қабаттан: сыртқы талшықты және ішкі хондрогенді (камбиальды жасушалы) қабаттардан тұрады. Оның құрамындағы жас шеміршек жасушалары — хондробласттар бөлініп көбею арқылы жасушааралық заттар түзіп, шеміршектің қалындап өсуін қамтамасыз етеді. Шеміршекқап шеміршек ұлпасының қоректенуі мен қалпына келу (регенерация) процестерін іс жүзіне асырады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология