Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы (IATA: NQZ, ICAO: UACC) () — Астана қаласында орналасқан халықаралық әуежай. Ол Астана орталығынан 14 км қашықта орналасқан.

Тарихы Әуежай өз тарихын 1931 жылдан бері бастайды. Сол жылы бірінші әуе алаңы құрылып, 1948 жылдан бастап ауыр ұшақтарды қабылдай алатын болды. 1956 жылдан бастап әуежай тәулік бойы жұмыс істей бастады. Астана қаласының бас жоспары бойынша 2030-жылға дейін күніне 1200 адам жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жалпы аумағы 1000 шаршы метр тағы бір халықаралық әуежай салынады.

Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта орналасады. Оның құрылысы Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды не Қарағанды тас жолында орналасқан Аршалы аймағында бой көтереді. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істеуге көшетін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады. Астана Халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. ҚР Үкіметінің бұл туралы қаулысы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

Тасымалдаушылар мен Бағыттар

Түсініктемелер

Тағы қараңыз Астана қаласының бас жоспары Халықаралық Көкшетау әуежайы (287 км)

Сыртқы сілтемелер

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы (Ресми Сайты) Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайынан ұшып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бақылаулары

Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Астана ғимараттары мен құрылыстары Санат:Нұрсұлтан Назарбаев атындағы нысандар Санат:Астана көлігі