Жасушалық айналым (клеточный цикл); ( cyclus — айналым, cellula — жасуша) — жетілген жасушалардың тіршілік мерзімі. Грекше "цикл"— дөңгелек, шеңбер деген мағынаны білдіреді. Жасушалық айналым — кезеңаралықтан (интерфазадан) және митоздан тұрады. Интерфаза екі митоздың аралығындағы жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі. Зат алмасу сипатына сәйкес интерфаза (интеркинез) өз кезеңінде үш кезеңге бөлінеді: түзілісалды (пресинтетикалық), түзіліс (синтетикалық) және түзілісоңы (постсинтетикалық) кезеңдер. Интерфаза кезінде центросома центриольдері мен ДНК екі еселенеді. Митоз — жасушаның күрделі бөлінуі. Ол профаза, метафаза, анафаза, телофаза фазаларынан тұрады. Митоздың нәтижесінде аналық жасуша құрамы жағынан тең екі жас жасушаға бөлінеді. Жасушаның митоздық бөлінуінен кейін, интерфазалық кезең басталады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9

Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология

fa:چرخهٔ یاخته‌ای mn:Эсийн цикл