Саяси мүдде — адамның немесе әлеуметтік топтың саяси құбылыстарға, үрдістерге дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері мен ұстанымдары негізінде қалыптасқан ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі ретінде саяси қызметтің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Саяси мүдде саяси мінез-құлықтың (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) негізі болып, қақтығыстар, серіктестік немесе үстемдік қатынастарын тудырады. Саяси мүдде саяси субъектілердің қызметін реттейтін мақсатнамадық элемент ретінде әрекет етеді, олардың стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді. Ол саяси жауапкершіліктің, патриотизмнің және азаматтық борыштың негізі болып, қоғамдық-саяси өзгерістердің қозғаушысына айналады. Саяси мүдде қалыптасуы саяси мәдениеттің дамуымен және құндылықтар жүйесімен тікелей байланысты.Саяси түсіндірме сөздік. Алматы: [б. и.], 2007. — 616-бет. ISBN 9965-32-491-3
Дереккөздер
Санат:Саясат