Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау; 2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру; 3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу; 4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру; 5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау; 6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету; 7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту; 8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер
Санат:Саясат