Майкл Фарадей (; 22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. Г.Дэвидiң қамқорлығының арқасында Корольдiк ассоциациясына ассистент қызметіне алынды.
1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғалтқыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдiк қоғамының мүшесi болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдiк ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi.
Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнектелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi. Зерттеу нәтижесiнде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрiсiнде айналу құбылысын (Фарадей эффектiсiн) байқады. Сол жылы диамагнетизмдi ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмдi ашты. Ол бiрнеше ұғымдарды енгiздi – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834 ж.); вольтметрдi ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өрiс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттiк өрiс" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды. Фарадей электр және магнетизмнен негiзгi еңбектерiн Корольдiк қоғамға – Электрден тәжiрибелiк зерттеулер (Experimental Researches in Electricity) – атты баяндамалар сериясы ретiнде тапсырып отырды.
Фарадей 1867 жылы 25 тамызда Хэмптон-Кортта қайтыс болды.
Галерея
Сыртқы сілтемелер
Санат:22 қыркүйекте туғандар Санат:1791 жылы туғандар Санат:Саутуаркте туғандар Санат:25 тамызда қайтыс болғандар Санат:1867 жылы қайтыс болғандар Санат:Хэмптон-кортте қайтыс болғандар Санат:Pour le Mérite орденінің иегерлері Санат:Ұлыбритания физиктері Санат:XIX ғасыр физиктері Санат:Ұлыбритания химиктері Санат:XIX ғасыр химиктері Санат:Ұлыбритания физик-химиктері Санат:Физикалық өлшем бірліктеріне есімі берілген ғалымдар Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Француз ғылым академиясының мүшелері Санат:Петербург ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Копли медалінің иегерлері Санат:Машинажасаушылар Санат:Өздігінен оқығандар Санат:Румфорд медалінің иегерлері Санат:Корольдік медаль иегерлері Санат:Пруссия ғылым академиясының мүшелері Санат:Леопольдиндер мүшелері Санат:Мажар ғылым академиясының мүшелері Санат:Нидерланд корольдік ғылым академиясының мүшелері Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:Хайгейт зиратында жерленгендер Санат:Өздігінен үйренген ғалымдар