Ахмет Бекмырадов (1951-90) - түрікмен әдебиетшісі. Филология ғылым кандидаты. Ол түрікмен әдебиетінің өзекті мәселелеріне арнаған «Қарағлының жырлары», «Мақтымқұлы поэзиясындағы айғақтық» т. б. зерттеулер жазды. Бекмырадов Абай туралы «Поэзиямыздағы Абай дәстүрінің ықпалы» атты мақаласында («Әдебият ве кунгат» газеті, 1977, 2-ші сәуір) түрікмен әдебиетіндегі Абай дәстүрін, ақын өлеңдерінің көркемдік шеберлігі мен жаңашылдығын сөз етеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ахмет Бекмырадов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.