Судың жемірлік әсері ( франц. "agressif"-, лат. "aggrediar" — шабуылдаймын, тиісемін) — табиғи судың бетоннан немесе металдан жасалған құрылысты өз құрамындағы еріген тұздар мен газдардың химиялық әсер ету жолымен бұзу қабілеті. Жемірліктің бірнеше түрі бар: көмірқышқылдық, шаймалаушылық, жалпықышқылдық, сульфаттық, магнезиттік және оттектік.
Судың зиянды әсері
Судың зиянды әсері — су басудың, селдің, тасқынның салдарынан аумақтың су астында қалуы, жердің (топырақтың) сортаңдануы мен батпақтануы, жағалаудың, корғаныш құрылыстарының, гидротехникалық және т.б. имараттар мен ғимараттардың бүлінуі (бұзылуы) және т.б.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы