Сильвинит — эвапориттер тобына жататын сильвин мен галиттен тұратын шөгінді тау жынысы Қосиа ретінде ангидрит, карбонаттар, сазды минералдар кездеседі. Түсі — ақ, сүттей ақ, қызыл-қоңыр. Сүттей ақ түсі газ бен сұйықтың көптеген көпіршіктеріне байланысты. Сильвин, галит және сазды минералдар қабатшаларының алмасып келуінен сильвиниттің бітімі жұқа қабатты болады. Сильвинит тыңайтқыш ретінде, химия өнеркәсібінде қолданыладыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2.
Дереккөздер
Санат:Тау жыныстары Санат:Калий тыңайтқыштары