Оптикалық бір осьті кристалл — гексагондық, тригондық, тетрагондық кристалл. Оптикалық индикатрисаның пішіні — айналмалы эллипсоид, оптикалық осі біреу, ол индикатрисаның айналу осімен, ал кристалла дара бағыт- пен (симметрияның басты осімен) сай келеді. Егер оптикалық ось индикатрисаның Ng-мен сәйкес келсе, онда кристалл — оң, Np-мен сәйкес келсе — теріс деп саналады. Оптикалық бір осьті минералдар қалыптасу жағдайына карай жиі ауытқып, екі осьті болып келеді. Жалпы нағыз бір осьтілік тек өте қолайлы жағдайда ғана пайда болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. іSВN 5-7667-8188-1 іSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Геология