Жүзбасы Қайролла Тұсіпұлы (1941 ж. т.) - музыка зерттеуші, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, этнограф. Жүзбасов Абай әндеріне ден қойып, оны жинап, зерттеумен айналысты, ақынның X. Демшінов орындаған «Желдірме» күйін (1977), Қ. Байжановтан «Қараңғы түнде тау қалғып» пен «Сегіз аяқ» әндерінің классикалық түрлерін (1982), Мәкен Мұхамеджановадан «Біреуден біреу артылса», «Сен мені не етесің», «Қарашада өмір түр», «Онегиннің Татьянаға жауабы » т. б. барлығы 23 әнін нотаға тұсірді (1984). Абайдың музыкалық мұрасы, оның әуезділік ерекшеліктері және тарихи әлеуметтік маңызы туралы «Абайдың музыкасы» (Айттым сәлем, қалам қас. - А., 1986), «Абайдың ән мұрасынан. Екі ән туралы» («Абай» журналы, № 4, Семей,1992)атты Ғылыми мақалалар жариялады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:1941 жылы туғандар Санат:Қазақстан музыкатанушылары