Лабрадор — плагиоклаздар тобының тау жынысы түзетін минералы. Плагиоклаздарға тән, ұзын саны алты минералдан тұратын альбит-анортит изоморфты қатарының (альбит-олигоклаз-андезин- битовнит-лабрадор-анортит) бір мүшесі. Лабрадорит— түгелге жуық лабрадор минералынан тұратын толық кристалды лейкократты габбро; кейбір әдемі түрлері қаптама тас ретінде колданылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003. — 248 бет. ISВN 5-7667-8188-1, ISВN 9965-16-512-2 нобай|солға|Жылтырлағанның мысалы Алғаш рет 1770 жылы Канаданың Лабрадор түбегінде табылды. Минералдың сондай-ақ сілеусін көзі, тавусит, спектролит деген балама атаулары қолданылады. Дереккөздер

Санат:Силикат минералдар Санат:Кальций минералдары Санат:Натрий минералдары