Долған тілі (долғанша долган тыла, һака тыла) — долғандардың тілі. Түркі тілдеріне жатады. Ресейдің Красноярск өлкесінің таймыр ауданында таралған. Долған тілінде 5000 (2002 ж. санақ) адам сөйлейді. Саха тіліне жақын. Жазуы кириллицаға негізделген. Долгандар эвенк сөздерін арапастырып, саха тілінің жеке бір диалектісінде сөйлейді.
Географиялық таралуы Долған тілі негізінен Таймыр автономды округының шығыс және орталық бөлігінде, атап айтқанда Хатангск және Дудинск аудандарында таралған. Сонымен қатар, Саха Республикасының Анабарск ұлысында тұратын долғандар арасында да қолданылады.Долгандар - Посткеңестік Қазақстандағы түркі тілдер. (б.ж.). https://tyurkikz.weebly.com/104410861083107510721085107610721088.html
Жазу жүйесі Долған тілі кириллицаға негізделген жазу жүйесін қолданады. Жазу жүйесі мен орфографиясы бойынша В.М. Наделяеваның "Графика и орфография долганского языка" атты еңбегі кең танымал.
Зерттелуі Долған тілі аз зерттелген тілдердің бірі болып табылады. Бұл тілді зерттеген ғалымдардың қатарында Е.И. Убрятова, В.М. Наделяева, Н.П. Бельтюкова, Т.М. Кошеверова және З.П. Демьяненко бар.
Санат:Түркі тілдері